«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Сәрсенбаев қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауларды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.
Қоғамдық қабылдауға келген жалғыз басты ана Мақпал Уралова атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін, ақылы қоғамдық жұмыс сұрап, сонымен бірге уақытылы алиментке қол жеткізе алмай отырғанын айтса, қала тұрғыны Жеңіс Құрманбаев тұрғын үйіне коммуналдық төлем артық келетіндігін алға тартты.
Бұдан бөлек, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Мейржан Адилбеков, қалалық мәслихат депутаттары Жансерік Жұман, Дәурен Тәңірбергеновтер бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады. Қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған жоғарыда аталған азаматтар олардың мәселелерін жан-жақты қарап, оңды шешімін табуына ықпал етті.
