Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының «Қуаныш» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Онлайн форматта өткен жиналысқа «Nur Otan» партиясы БПҰ-ның бюро мүшелері және партия белсенділері қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды. Алғашқысы «Қуаныш» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттері болса, кезекті мәселе «Қуаныш» бастауыш партия ұйымының төрағасын, бюросын сайлау болды. Ал, күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттарды сайлау. Жиналыстағы алғашқы мәселе бойынша сөз кезегін «Қуаныш» БПҰ төрағасы Талғат Садвахасов алды. Ол өз сөзінде осы уақытқа дейін «Қуаныш» БПҰ төрағасы қызметінде 2019-2020 жылдардағы жұмыс жоспары бойынша атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттерді баяндады.
⠀
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегін кәсіподақ ұжымының төрағасы Бердіғали Сандыбаев алды. «Төрағаның қалалық партия филиалының көптеген іс-шараларына белсенді қатысып, сайлау кезінде үгіт насихат жұмыстарын белсенді атқарғанын білеміз. Сондықтан, «Қуаныш» БПҰ-ның төрағалығына Талғат Садвахасовты қайта ұсынып, осы әріптесімізді қолдауға шақырамын»-деді.
⠀
«Қуаныш» БПҰ бюро мүшелері мен партия белсенділері «Қуаныш» БПҰ төрағасына ұсынған Талғат Садвахасовқа бірауыздан дауыс берді. «Қуаныш» БПҰ төрағасы Т. С. Садвахасов: күн тәртібіндегі «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының «Қуаныш» ЖШС-дегі «Қуаныш» бастауыш партия ұйымына бюро мүшелерін сайлау және олардың саны 5 адам болуына ұсынды. Ұсынылған бюро мүшелері дауысқа салынып, бірауыздан құпталды. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойыншы «Қуаныш» БПҰ төрағасы «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттыққа әріптестердің ұсынып, онлайн режимдегі жиналыс қорытындыланды.
ТҮРКІСТАНДА “ҚУАНЫШ” БПҰ-НЫҢ ЕСЕП БЕРУ – САЙЛАУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
1 283 көрілім
