ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

827 көрілім

Шаһар басшысы Рашид Абатұлының өкімімен арнайы топ құрылып, қала аумағындағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілді.

Топ құрамына ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімі, «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Атамекен» ҰКП, қалалық мәслихат депутаты Рая Ибадуллаева, жастар ресурстық орталығы мамандары мен БАҚ өкілдері топтастырылған.

Дәріханалардағы халыққа аса қажетті дәрілер қорының баға тұрақтылығына мән беріліп, әрбір дәріханадағы дәрі құны шектік бағамен салыстырылды. Нәтижесінде белгіленген бағадан асыра сатқан дәріханалармен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары арнайы жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Қазір Түркістан облысы жасыл аймақта. Десе де көрші облыстардың қызыл және сары аймаққа енуіне байланысты өңірімізде карантиндік талаптар күшейтіліп, сақтық шаралары қатаңдай түсті. Облыс орталығында қазіргі таңда 70 дәріхана бар. Жұмысшы топ апта сайын бағаға байланысты мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, алдағы уақытта да тиісті бөлімдер дәрі-дәрмек бағасының тұрақты болуын басты назарда ұстайтын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы