ЖУРНАЛИСТЕР БАС ҚОСТЫ

1  004 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде журналист-ұстаздардың қатысуымен медиа тренинг өтті. Шарада қазақстандық медиатренер, MediaNetwork Kazakhstan атқарушы директоры, Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетті құру жөніндегі жобаның авторы Бахтыгүл Бурбаева сөз сөйлеп, бұл жобаның мақсаты, Қазақстандағы медианың жай-жапсары мен құқықтық мәселелер, этикалық әдеп нормалары туралы түсінік беріп өтті.

Тренингті медиатренерлер Айсұлу Шайкенова мен Салтанат Қасенова жүргізді. А.Шайкенова өзінің «Қазақстандағы медианың негізгі принциптері» атты семинар тақырыбының презентациясымен таныстырды. Негізгі бағыты: БАҚ-деген сенімді қалыптасыру; БАҚ бостандығын қамтамасыз ету; Қазақстандағы БАҚ-тағы кәсіби этиканы көтеру; Өзін-өзін реттеу қоғамдық комитетін құру болып табылатын семинар-дәрісті қатысушылар түсіндіріп өтті.

Тренингте күнделікті БАҚ-та жиі кездесетін журналистік этика, әдеп нормаларының бұзылу факторлары, яғни қателіктер нақты мысалдармен көрсетілді. Болашақ журналистер практикалық тапсырмалар орындау арқылы бұл қателіктерді дәл тауып, күнделікті дәрістегі материалдардың мәнін тереңірек ұғынды. Coogle қосымшалары арқылы смартфондарына жүктелген викториналық сұрақтарға жауап беріп, өзара сайысқа түсті.

Медиатренерлер ұстаздар мен студенттердің медиаэтика бағытында қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Университеттің «Журналистика» кафедрасы мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Журналистика» кафедрасы өзара ынтымақтастық пен іскерлік байланыс орнату жөнінде меморандумға отырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы