Түркістан қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен 2019 жылғы 7 айдың қорытындысымен бюджеттің орындалуы туралы қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетова баяндап өтті.
Ағымдағы жылдың 7 айдың кіріс көзінің жоспары 45 млрд. 661,6 млн. теңге, 26 шілдеге дейінгі мәлімет бойынша нақты түскені 44 млрд. 100,6 млн. теңге болып, жоспар 96,6 пайызға орындалған. Оның ішінде өзіндік жергілікті түсімдердің жоспары 2 млрд. 469,2 млн. теңге, бүгінге нақты түскені 2 млрд. 722,6 млн. тегені құрап, жоспар 253,4 млн. теңгеге яғни 110,3 пайызға орындалып отыр.

Сонымен қатар, мәжілісте қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Т.Егетаев қала аумағында құрылыс жұмыстарының жүру барысы туралы хабарлап өтті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге және жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджет есебінен 2019 жылы 9 106,1 млн. теңге қаржы қаралған болса, оның ішінде құрылыс жұмыстарына 8 374,8 млн. теңге, жоба-сметалық құжаттарына 731,2 млн. теңге қаралған. Тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы басталып, 2019 жылға өтпелі 20 тұрғын үй құрылысы (1200 пәтер, 61,5 мың ш/м) жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді. Қаладағы Отырар мөлтек ауданынан 900 орындық мектеп құрылысы 2018 жылы басталып, қазіргі таңда білім ошағының жұмысы толық жүргізілуде. Аталған мектепті жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 2019 жылы қаладағы Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінің спортзал құрылысы басталып, нысан маусым айында мемлекеттік қабылдаудан өткізілген.

Сонымен қатар, апталық мәжілісте қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Таңғатаров пен жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б.Оразбеков, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қосымша хабарлама жасаса, қаланы 16 секторға бөлу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімі аппаратының басшысы Қ.Мылтықбеков тоқталып өтті. Жиында күн тәртібінде қаралған мәселелер төңірегінде қала әкімі Р.Аюпов тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.