КӨПШІЛІК НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

2  348 көрілім

Самарқанның көк тасы еріп, Жер-Ана оянып, табиғат тіріліп, барша жер дүниенің жаңарып, қайтадан жан бітіретін бұл күн – қазақ халқы үшін ерекше мереке. Наурыз – жыл басы, көктем мейрамы.

Бұл айда адамзат атаулы айрықша күтетін ұлық мерекеде елімізге келген індетке байланысты көптеген іс-шараларға тыйым салынды. Десе де барлық сақтық шараларын сақтай отырып, Конгресс Холл ұжымы 250 литр наурыз көже дайындады. Шараға таңертеңнен кешкі жұмыс уақыты аяқталғанша бас-аяғы 400-ге жуық қонақтар қатысып, санитарлық арақашықтығы ескерілген ақ дастарқаннан дәм татты. Кешен директоры Ғ.Ерназаров барша қазақ елін келіп жеткен әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Келген қонақтарға Конгресс Холл ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы