ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

1  851 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі Сұлтанғали Шакиров пен «Бітімгер» медиaторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев, облыстық мәслихат депутаты Бекарыс Шойбеков қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары Нұрсерік Шәріпбекұлы жеке кәсіп ашу мәселесін көтерсе, Дінмұхаммед Сәкенұлы тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жатқандығын, Тұрсынкүл Нисамбаева баласының аурушаң екенін, Фарида Әшірбаева үйінің жоқтығын алға тартты. Қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған жоғарыда аталған азаматтар олардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында өздерінің кеңестерін берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы