НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

681 көрілім

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – барша түркі халықтарына ортақ той. Наурыз – ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі мейрам. Бүгінгі биік рухымыздың да, мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн – шаттық пен қуанышқа толы мереке.

Наурыз жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Елді бірлікке үндеп, ынтымаққа жұмылдыратын күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы! Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Олай болса, халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесіне айналған Наурыз мейрамы құтты болсын!

Тәуелсіздіктің 30 жылын еңсерген қазақстандықтар үшін әрбір жыл жетістігімен, табысымен есте қалады. Дамудың даңғыл жолын таңдаған мемлекетімізде жыл сайын әлеуметтік жаңарулар мен реформалар жүйелі жүзеге асырылып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшіліктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде.

Елбасының тарихи шешімімен облыстың орталығы болған Түркістан үшін жаңғыру мен жаңару дәуірі басталды деуге болады. Мемлекет басшысының асқақ армандарының шынайы көріністері бой көрсетіп келеді. Күллі әлем көз тіккен қасиетті Түркістанның жаңа заманғы келбетін көретін күндер алыс емес.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,

Түркістан облысы ақсақалдар алқасының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы