МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ БІЛІМ ОРДАСЫ

783 көрілім

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Өзінің тарихын 1934 жылдан бастайтын Қазақ ұлттық университетіне биыл 85 жыл. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. Университетте кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда.

Оның ішінде жоғары білім беру сапасымен ерекшеленетін Экономика және Бизнес жоғары мектебі, «Қаржы және Есеп» кафедрасы болып келеді. Кафедра мақсаты – білім, ғылым, инновациялық өндірістің тиімді интеграциясы негізінде Қазақстанның стратегиялық даму және заманауи интеллектуалдық талаптарына сай жаңа формациядағы мамандар әлеуетін қалыптастыру.

«Қаржы» мамандығы – банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді. Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау. Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланады.

Кафедра жанынан 2019 жылы құрылған «Биржалық трейдинг Оқу орталығы» – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетінде трансформациялау стратегиясының басты көрсеткіші. Бүгінгі таңда кафедраның басты мақсаты – еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке қабілетті маман дайындап шығару.

Сонымен қатар, кафедра исламдық қаржы бойынша білім алуға және қайта мамандануға мүмкіндік береді. Осы кафедраның «Исламдық қаржы орталығы» қызметінің нәтижелері исламдық қаржыландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін 2020 жылы Best Emerging Islamic Finance Education Provider санатында Global Islamic Finance Awards (GIFA) марапатына ие болды. GIFA-2020 беделді марапатын табыстау – бұл ҚазҰУ қабылдаған исламдық қаржыландыруды дамыту және тарату жөніндегі бастамаларды халықаралық қоғамдастықтың мойындауы болып табылады.

А.К.ОМАРОВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

э.ғ.к., доцент.

Ю.Т.АБДУЛЛАХАН,

«Қаржы» мамандығының 4-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы