ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

1  295 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, облыстық мәслихаттың депутаты Инара Намазбаева қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген қала тұрғыны, көпбалалы ана Алтынай Тәжібаева өзінің жақында үйі өртеніп кеткенін, әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін жеткізді. Ол Түркістан қаласындағы И.Алтынбеков көшесі, №14 үйдің тұрғыны болып табылады.

Кезінде баспанасы өртеніп, үш бөлмесінің шатыры жанып кеткен. Үй жихаздарының басым бөлігін өрт шалған. Осы жағдайды ретке келтіру үшін несие алыпты. Осыны ескерген облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы 12 баланың анасы Алтынайдың отбасына қажетті төсек-жабдықтармен қатар, қаржылай көмек көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы