Шаһарда 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, әйелдер қауымымен арнайы кездесу болып өтті.
Атаулы шараға қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Таңғатаров, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аналар қауымының еңбегі мен орны ерекше екені аталып өтіп, ол кісілердің киелі шаһардың түрленуі жолында атқарған еңбектеріне жоғары баға берілді. Сондай-ақ, қала әкімі Рашид Аюповтың және қалалық мәслихаттың алғыс хаттары табысталып, арнайы сый-сияпаттары тарту етілді.
Көтеріңкі көңіл-күйге бөленген аналар тарабы алғыстары мен ақ тілектерін жеткізді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, танымал әнші Еркін Нұржанов әннен шашу шашты.
