ІНДЕТТІ ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ

956 көрілім

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдегі эпид ахуал бойынша атқарылған жұмыстарға күнделікті мониторинг жасап, тиісті сала өкілдерімен тығыз байланыста.
Жыл басынан бері облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Мәселен, қаңтар, ақпан айларында короновирус аурушаңдығы 58% төмендеді. Наурыз айының алғашқы аптасында да тұрақтылық байқалып отыр.
9 наурызға дейін өңірде 659 жағдай тіркелді. Аймақта бұған дейін 4204 азамат індеттен айықты. Түркістан облысында 9 полимеразды тізбекті реакция зертханалары жұмыс жасайды. 2020 жылдан бері 531855 адам тексеруден өтіп, 4334 азаматтан оң нәтиже көрсетілген.
Сонымен қатар, облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр.
Түркістан облысы еліміз бойынша жасыл аймақтың қатарында. Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың 3- наурыз күні №2 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы шыққан болатын. Онда кәсіпкерлік объектілердің жұмыс жасау уақыттары ұзартылып, карантиндік шектеулер жеңілдетілді.
Дегенмен, мамандар өңір тұрғындарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Көпшілік жиі шоғырланатын жерлерде әлеуметтік қашықтық пен маскалық тәртіп сақталуы керек екендігін ескертеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы