ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

1  910 көрілім

Ең басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Ал ұстаз – ол ана. Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаз аналарымыз бен нәзік жанды аруларымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.

Ерте көктеммен қатар келетін аналар мен қыз-келіншектер мерекесіне орай білім саласының қызметкерлерін марапаттау мақсатында қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Ақжайық” музыка мектебінде іс-шара болып өтті. Бар бойына асыл қасиеттердің барлығын жинаған нәзік жандыларға өзінің ыстық ықыласы мен жылы лебіздерін жолдаған облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мерекенің тарихына да тоқталып, асыл жанды аруларымыздың бүгінгі қоғамда алар орнын да атап өтті. Сонымен қатар, Рахымбек Қуатбекұлы соңғы кездері өз қызметін атқаруда көзге түсіп, білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздарды басқарманың алғыс хаттарымен марапаттады. Марапатталғандар арасында ұжым басшысынан бастап олардың оқу, тәрбие, шаруашылық жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері мен дәмбикелер, кітапханашылар да бар. Сондай-ақ, жиналған барлық білім майталмандарына сый-сияпаттар мен алқызыл гүлдер ұсынылды.

Мерекелік шара барысында қаламыздың өнерлі ұстаздары мен оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, нәзік жандыларға шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мөлдір ХАЛИЛАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы