ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

1  648 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Мәди Ибадуллаев қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуар Исабеков жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың өтініштерін тыңдаған Мәди Ибадуллаұлы олардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында өзінің кеңесін берді. Қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың көтерген негізгі мәселелері әлеуметтік және жеке кәсіпті қалай бастау тұрғысындағы сауалдар болды. Қала тұрғындары Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Мәди Ибадуллаевқа және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына өз алғыстарын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы