СҰЛУЛЫҚТЫҢ БӘРІ МЫНАУ АНАЛАРДАН ТАРАЛҒАН!

1  522 көрілім

Өмір гүлі аналардың жүрегінен жаралған,

Дүниенің бар әлемі аналардан нәр алған.

Гүл көктемнің шуағы бар қыр гүлінен жаралған,

Сұлулықтың бәрі мынау аналардан таралған.

Бесіктегі баласын да әлдилетіп тербеген,

Қиындықта шаршамастан перзент үшін ерлеген.

Алақанда аялатып мәпелетіп өсіріп,

Бәрін жеңіп мойымастан әр кез тыным көрмеген,

Аналардың ақыл сөзі, перзентіне нұр болсын,

Ақындарым анаға арнап өлең жазсын жыр толсын.

Мерекемен құттықтап мен аруларым сіздерді,

Арнадым мен бәріңізге асыл дана сөздерді.

Қаламқас ӨТЕУОПОВА

ақын, сазгер, саз мектебінің ұстазы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы