МАРАПАТҚА КЕНЕЛГЕН АЗАМАТТАР

1  797 көрілім

Түркістан қалалық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен 1-наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында мәдени іс-шара болып өтті. Оған қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен белсенді ерікті жастары қатысты.

Жалпы мерекелік жиын пандемия кезінде айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және кәсіпкерлердің, сондай-ақ,   осы шаққа немқұрайлы қарамаған азаматтардың еңбегін елеп ескеру мақсатында қолға алынды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов «Алғыс айту» мерекесіне деген ізгі тілегін арнады. Ол өз сөзінде әрбір азамат елдің алғысын арқалауды алдына қойған мақсаты деп білуі керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Шәмет  қаламыздың дамуы мен мәдени тұрғыда өріс алуына сүбелі үлес қосқан жандарға алғысын айта отырып, бірқатар ерікті белсенділерді қала әкімінің  арнайы алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Мерекелік жиын барысында қалалық мәдениет үйінің «Шұғыла» халықтық мәдени үгіт бригадасының орындауындағы жыр шашуы көптің қошеметіне бөленсе,  «Қазақстан керемет қой», «Ақ халатты абзал жандар», «Полиция – қорғаным» атты әдемі әндер айшықты күннің ажарын аша түскендей. Жиын соңында құрметті қонақтар сөз алып,  ақ тілектерін айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы