ТҮРКІСТАНЫМ КӨНЕ МЕНЕН КЕЛЕШЕКТІҢ КӨПІРІ

2  187 көрілім

Түркістаным төрт қақпалы киелі,

Түркі елінің халқы басын иеді.

Мекенім бар Ясауиден нәр алған,

Ұлы дала қасиетінен жаралған.

Ел билігі тарихи бұл есімі,

Елбасының қабылдаған шешімі.

Көне менен келешектің көпірі,

Түркістаным саған ғана, саған ғана тиесілі.

Түркістаным тектілердің мекені,

Қожа Ахмет Ясауи бар өйткені.

Сан мыңдаған тарихың бар қойныңда,

Шежірелі ғасырлардың бойында.

Ақсақ Темір кірпішіңді қалаған,

Атақ даңқың бар әлемге тараған.

Ел бірлігін Абылай хан сақтаған,

Қасиетімен ел сенімін ақтаған.

Өткен шақпен келер күнді жалғаған,

Арманы бір Тәуелсіздік самғаған.

Көк туымды желбіреткен көгімде,

Болашаққа жалғастырар сенімде.

Білім нәрі Ясауиден тараған,

Жастар бүгін сол білімнен нәр алған.

Алты алашты біріктірген Түркістан,

Өзіңе арнап талай ақын жыр құшқан.

Түркістаным сұлу мекен шаһарым,

Сенен атар шұғылалы әр таңым.

Ұрпағыммен жалғастырсам ертеңді,

Бір өзіңде жайқалады бар бағым.

Мың құлпырып әсемдікпен түрленген,

Мақтан етем Түркістаным гүлденген.

Ертегідей сәулетің бар өзгерген,

Көк күмбезің сәуле шашып нұр берген.

Ұлы дала қыраның бар қайратты,

Ер мінезді қайсарлы да айбатты.

Батырлардың ізін басар ұрпағың,

Жалғастырар болашақтың тұлпарын.

Түркі тілдес бастамасы Түркістан,

Руханият Астанасы Түркістан.

Татулық пен бірлігі бар Түркістан,

Мәңгі өшпес тарихы бар Түркістан.

Қаламқас ӨТЕУОВА.

ақын, сазгер, саз мектебінің ұстазы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы