Наурыз айы жасару мен жаңарудың белгісі,
Мерекесі гүл көктемнің несібесі, еншісі.
Наурыз айы – ізгілік пен татулықтың мейрамы,
Бірлігі мен ынтымақтың достығы бар жайдары.
Наурыз айы жер ананы аялайды лебімен,
Көкте күнім сәуле шашқан өсіп өнген көгімен.
Ұлылықтың Ұлыс күні Қыдыр дарып таңында,
Жасартып бар адамзаттың жадыратар жанын да.
Наурыз айы, өлең жаздым өзіңе арнап мен бүгін,
Құстар келді көкте сайрап есітерсің сен үнін.
Тамашалап табиғаттың сұлулығын қарасаң,
Асылдан сөз айтар едім, тізбектетіп әр күнін.
Наурыз айы, Наурыз көже дастарқанда мол болсын,
Егеменді елімізге мол несібе бақ қонсын.
Дәстүрлерін жалғастырып ұрпақтарым ертең де,
Әр адамның үйіндегі қазанына ақ толсын.
Қаламқас ӨТЕУОВА.
ақын, сазгер, саз мектебінің ұстазы.
