- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Республикалық ІІІ «Қайырымдылық керуені» байқауы өз мәресіне жетті. Н.Назарбаев атындағы қор мен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдасты-ғы ұйымдастырған байқау 7 номинация бойынша өтті. Түркістан облысынан 34 үміткер қатысуға ниет білдіріп, өз жұмыс-тарын тапсырды. Олардың арасынан 1 үміткер «Туған жер» номинациясы бойын-ша лауреат атанса, ал, 33 үміткер байқауға белсене қатысып, өзгелердің қиындығын шынайы жүрекпен сезініп, жан жылуымен бөлісіп, қоғам игілігіне қызмет еткені үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Осыған орай, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен Азаматтық Альянсы қоғамдық бірлестігі-нің ұйымдастырумен 27-ақпан Дүниежүзі-лік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай өткен жиында Түркістан облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева байқауға қатысқан үміткерлерге Тұңғыш Президент қорының директоры Дариға Назарбаеваның қолы қойылған Алғыс хат пен гүл шоқтарын тапсырды.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, сонымен қатар, республикалық байқауда белсенділік танытқан қатысушыларға игі тілегін жеткізіп, басқарма басшысының атынан алғыс хаттар табыстады.
Айта кетейік, республикалық игі шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен үшінші мәрте өтті. Оған Іскер әйелдер қауымдастығы да ұйытқы болып жүр. Шара алғаш рет ұйымдастырылғанда оған 100-ге тарта адам қатысқан. Былтыр олардың саны 300-ге жуықтаса, ал биыл қатысушылар саны 700-ге жуықтаған. Жобаның көздегені де осы. Мұқтаж жандарға көмек қолын созған жомарт жүректі адамдарды насихаттау.
Қайырымдылық – қазақтың қанына біткен қасиет. Байқау жеңімпаздары «Туған жер», «Асар»,«Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы» сияқты аталым бойынша анықталды. Биыл оның қатарына жаңадан «Жануарға мейірім», «Бала жүрегі» номинациялары қосылды.
Арамызда қайырымды жандар өте көп. Бірақ олар жақсылықты жарияламай жасағысы келеді. Дегенмен «Қайырымдылық керуені» оларды халыққа танытып, өзгелердің үлгі алғанын жөн көреді. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Ләззат САРЫБАЕВА,
«Түркістан».