ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ – ПЕРЗЕНТТІК БОРЫШЫМ

1  728 көрілім

Шорнақ ауылдық округі әкімдігіне қарасты Сунақ ауылында туып өстім. Түркістандағы дарынды оқушылар мектебін үздік бітірдім. Қазіргі таңда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім алудамын.

Мен 1934 жылы құрылған, бүгінгі таңда 16 мыңнан астам студент жастар дүниежүзінен келіп жоғары білім алатын осы оқу орданың «Бизнес және экономиканың жоғары мектебінде» қаржыгер мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқаныма қуаныштымын. Факультетке экономика ғылымдарының докторы Римма Қалымбекқызы Сагиева басшылық жасайды. Ұстаздарымыз Гулнара Сапарова, Гулмира Касенова, Сария Баймуханова, Бағлан Алиева, Назгүл Сырлыбаева сынды оқытушылардан білім алудың өзі ерекше мақтаныш. Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жаңадан құрылған Түркістан облысы, оның орталығы Түркістан қаласын алдағы уақытта дамыту үшін бар күш-жігерім мен білімімді жұмсаймын.

Кентау қаласының құрамындағы 12 ауылдық округі жаңадан құрылатын Сауран ауданы құрамына енуі, Шорнақ ауылы Сауран ауданының орталығы болуы біз секілді жастар үшін жемісті еңбек етуіміз үшін жақсы мүмкіндік болмақ.

Камран ҚҰДРЕТҰЛЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы