Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана -өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова құттықтау сөзбен ашып, барша аналарға шынайы ыстық ықыласын жеткізіп, әрі қарай жүргізіп отырды.
Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесінің өзекті мәселесі жайлы айта келіп, «Бақыт – менің жүрегімде» тақырыбындағы баяндаманы жаңа үрдісте дайындап, жиын қатысушыларына өз ойларын айтуларына ұсыныс жасады. Кеңес мүшелері өздеріне тарқатылып берілген ұлы тұлғалардың бақыт жайлы жазылған даналық сөздеріне сүйене отырып, өздерінің еркін ой-пікірлерін әсерлі әңгімелермен жеткізді.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Мадина Камеденова кеңес мүшелерін халықаралық аналар күні мерекесімен құттықтап, басқарма басшысының алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды. Сондай-ақ, жиында аталмыш басқарманың «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева сөз сөйлеп, игі тірліктерді атқарып отырған аналар кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі.