ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

629 көрілім

Апта бойы «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде бірнеше қабылдаулар болып өтті.

Атап айтар болсақ, осы аптадағы алғашқы қабылдауды қалалық мәслихат депутаты Сакен Ханділлаев және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаевтар бастап, кезекті қабылдауды тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің бас маманы Жәнібек Купаев, облыстық мәслихатының депутаттары Шолпан Бегалиева, Бекарыс Шойбеков, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаевтар өткізді.

Қоғамдық қабылдауда әр түрлі мәселелермен келген шағымданушылар болды. Нақтылап айтқанда әлеуметтік көмекке, азық-түлікке мұқтаж екенін айтып келгендер, тұрғын үй кезегі келмей жатқандар, жеке кәсіп ашу мәселесі, сонымен қатар көшедегі жолды жөндеу және кәріз, жарықтандыру мәселелері бойынша шағымданушылар қарасы көп болды. Ал халық қалаулылары кейбіріне жол көрсетіп, енді біріне мәселенің шешілу жолдарын түсіндіріп, өте маңызды дегендерін бақылауға алатындарын айтып уәде берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы