ШЫМКЕНТ ПЕН ҚЫЗЫЛОРДА АРАСЫ АҚЫЛЫ ЖОЛҒА АЙНАЛМАҚ

1  009 көрілім

Қала әкімдігінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан қаласында «Шымкент-Қызылорда» автомобиль жолдары учаскелерінде ақылы жүйені енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиынды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Оразбеков ашып, жүргізіп отырды. Алдымен республика көлемінде ақылы жолдардың барысы туралы арнайы дайыналған бейнеролик көпшілікке ұсынылды.

Бұдан соң «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Е.Жамкенов хабарлама жасады. Еркін Қабдрахманұлының мәлімдеуінше көптеген дамыған және дамушы елдерде автомобиль жолдарына ақылы жүйені енгізу тәжірибесі бар екенін атап өтті. Көп жылдық тәжірибе ақылы жүйе енгізілген жолдардың қауіпсіз әрі жайлы болатынын көрсетіп келеді. Себебі, жолдың күтіміне ерекше мән беріледі және қызмет көрсету сапасы да жақсарады.

Қазақстанда алғашқы болып ақылы жүйе «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында енгізілді. Осы 7 жылдан астам уақыт ішінде бірінші санаттағы магистраль жиналған қаржы есебінен күтіліп, жолдың бойында қызмет көрсетудің сапасы жыл сайын жақсара түсуде. Нәтижелі тәжірибеден кейін елімізде 2019 жылы «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» ақылы учаскелері іске қосылды. Ақылы жолдарды пайдалану тәжірибесінің табысты іске асқанына орай 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Соған сәйкес алдағы 4 жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр.

Ақылы жүйені енгізу жолдарда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз етуге, жол апатын азайтуға, жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ететін болады. Барлық төлем жүйесі енгізілген автожол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар, сондай-ақ, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады. Ал мониторинг жүргізудің заманауи смарт-жүйесі жолдағы көліктердің легі мен көліктердің жылдамдығын бақылайды.

Сонымен қатар, арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. Жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді, жол жиегін тазалауды жүзеге асырады және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетеді. Ақылы жолдарды енгізу – жол бойындағы инфрақұрылымды, демалыс орындары және көлік тұрақтарын, қонақ үйлер, супермаркеттер, дәретханалар, дәріханалар және т. б. дамытуды да қамтиды.

Мысалы, «Нұр-Сұлтан – Щучинск» тас жолында – 37, «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде – 11, «Алматы-Қорғас» – 6, «Алматы-Қапшағай» тас жолында – 5 жол бойында қызмет көрсету нысандары бар. Сонымен қатар, ақылы учаскелердің бойында жылы дәретханалар, кафелер мен дү-кендер орналасқан модульдік павиль-ондар орнатылған. Аталмыш нысандар кәсіпкерлерге жалға беріліп, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғын-дарын жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жақында «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ 2024 жылдың соңына дейін барлық республикалық маңызы бар автожолдарда 134 заманауи кешен салу бойынша «GasEnergy», «ҚазТрансГаз», «Compass», «Sinooil», «PetroRetail» және «М-36» ірі жанар-жағармай құю станция желілерімен келісімге қол қойды. Жол бойындағы жаңа кешендерде қонақ үйлер, фуд-корттар, супермаркеттер, душ кабиналары, сондай-ақ электромобильдерді зарядтауға арналған станциялар орналасады. Айта кетсек, жаңа жолдарда төлем қабылдаудың «ашық» жүйесі енгізілетін болады. Бұл ақылы учаскелерде шлагбаумдардың болмауын көздейді. Яғни, көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркеу, жүріп өткен жол үшін ақы алу бақылау аркаларына бекітілген арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асатын болады. Жол ақысын төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша шотты толтырудың 20-дан астам түрі қарастырылған.

Жеңіл автокөлік үшін ІІ-ІІІ техника-лық санаттағы жолдармен жүру тегін болады. І санаттағы автожолдарға іргелес аудандардың тұрғындарына жылдық абонемент бойынша жеңілдікпен жол жүру ұсынылады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы мен оған теңестірілген ауған соғысы және т.б. ардагерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ақылы жол үшін ақы төлеуден босату жоспарланған.

Жүргізушілер үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы QAJ Mobile мобильді қосымшасын әзірледі. Оның көмегімен жүргізушілер өз теңгерімін-дегі қаржыны, қызықтырған сұрақ-тарын қоя алады. Сонымен қатар, қо-сымшада А нүктесінен Б нүктесіне де-йін маршрутты құру (қашықтық және құны), барлық жол бойындағы қызмет көрсететін нысандарды интерактивті картада көрсету және PUSH-хабарлама сияқты функцияларды қосу жұмыстары жүргізілуде.

P.S. «Шымкент-Қызылорда» автомобиль жолдарының ұзындығы 453 шақырымды құрайды. Әр бағыт бойынша 2 жолағы бар, толық 4 жолақты тас жол, қозғалыс жолағының ені – 7,5 метр, бүгінгі таңда облыс көлемінде қоғамдық тыңдаулар өткізілуде. Алдағы уақытта жеңіл автокөліктерге жылына мың теңге көлемінде болмақ. Бұл жөнінде ақылы жолдың нақты төлеу мерзімі алдағы уақытта министрлік тарапынан анықталатын болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы