Елбасы “Қазақстан – 2050” стратегиясында демографиялық мәселеге ерекше көңіл аударған. “Countrymeters.info” сайтының мәліметіне сенсек елімізде 113 секунд сайын бір нәресте дүниеге келіп, 200 секунд сайын бір тұрғын қайтыс болады екен. Демек, демографиялық мәселе еліміз үшін күн тәртібінде өзектілігін ешқашан жоғалтпайды.
2020 жылы Қазақстанда 355 мың сәби туылған, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 15 мыңға көп. Пандемия жағдайындағы мұндай динамика көңіл қуантады.
Бүгін «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынбек Кенжалиев “канвассинг” аясында қаладағы Облыстық N3 перинаталдық орталықтың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Талғатбекұлы Махмудовпен кездесті. Медицина саласындағы ең жоғары саналатын “Алтын скальпель” наградасының иегері болып табылатын Нұржан Талғатбекұлы өзі басқаратын орталықта 2020 жылы 9200-ге жуық сәби дүниеге келгенін және бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2000-ға артық екендігінен хабардар етті. Әңгіме барысында үкімет тарапынан медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың орындалуымен таныстырып, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеруге байланысты шешімді ұжымның қуана қабылдағанын атап өтті.
Білікті дәрігер “Nur Otan” партиясының отандық медицинаны дамытуға бағытталған бастамаларын қолдайтынын және алдағы сайлауда “Nur Otan” – ға дауыс беретінін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
