САЛАМАТТЫ ҰЛТ

582 көрілім

Түркістан облысы халық санының табиғи өсімі бойынша елімізде көш бастап тұр. 2020 жылдың қаңтар-тамызында облыстың бала туу көрсеткіші республиканың жалпы көрсеткішінің 14% немесе 38404-ті құрады (2019 жылғы қаңтар-тамызында – 35981 бала туылған).
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласындағы Облыстық N3 перинаталдық орталықтың ұжымымен кездестік. 500-ден астам дәрігерлер мен көмекші медициналық құрам жұмыс істейтін Орталықта жүкті әйелдерге, жоғары қауіп тобындағы босанушылар мен босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған нәрестелерге мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Соңғы 5 жылда бұл Орталықта 45 000-ға жуық сәби дүниеге келген.
Кездесу барысында «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынбек Кенжалиев партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы