ЕЛ АЗАМАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

586 көрілім

Бір шаңырақтың астында 140-қа жуық ұлт пен ұлысты, қырық түрлі дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктерді ауызбіршілікте ұстап тұру оңай емес. Алайда, еліміз егемендік алғаннан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ мүддеге жұмылдырып, олардың ортақ Отаны болып отыр.
Канвассинг аясында «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынбек Кенжалиев Түркістан қаласы және Мақтарал аудандарының “Құрметті азаматы”, “Құрмет” орденінің иегері, облысымыз бен қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген азамат – Ғани Құрмашұлы Рысбековпен кездесті.
Ғани Құрмашұлы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін еліміздің ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен тұрақтылықты өзіндік ұстаным етіп келе жатқанын атап өтті. Біз өз кезегінде ағамызға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында этносаралық татулық пен бірлікке үлкен мән беріліп отырғаны атап өтілді. Сайлауға белсенді қатысып, «NurOtan» партиясына дауыс беруге үгіт жүргізілді.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы