«Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ғаппар Сарсенбаев шаһардағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетіндігін тұрғындарға жеткізді..
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 100% кедергісіз ортамен қамтамасыз етуге қол жеткізуге;
➢ 2021 жылы 28 дыбыстық бағдаршам, 8 шақырым тактильді плита орнатуға;
➢ білім беру ұйымдарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге (E13 перила, қоңырау шалу, арнайы дәретханалар, тактильді жол және т.б.);
➢ мүгедек жандарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
➢ жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мүгедектер арбаларымен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және курорттық еммен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысы жақсарып, егде жастағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100% кедергісіз орта орнайды.
Бүгін осы партия бағдарламасының аясында “Шапағат” мүмкіндіктері шексіз азаматтар қауымдастығымен экспромт кездесу ұйымдастырды. Келелі кездесу барысында партия тарапынан осындай азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау мен игілікті бастамалар сөз болды.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
