Елбасы «Қазақстан – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз аймаққа айналу керек» деген. Осы ретте түркістандық әртүрлі топ мүгедектерінің жанына жалау, көңіліне медеу беріп жүрген жомарт жандардың бірі – Еркінбай Керімбайұлымен «Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ғаппар Сарсенбаев канвассинг әдіс бойынша кездесті.
Шалтан Еркінбай Керімбайұлы ешуақытта қос аяғының біразға дейін жұмыс жасамағанына жасымаған. Оны тек тағдырдың сынағы деп қабылдады. Бозбала жігіт кезінде-ақ, арбаға танылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына еріксіз енді. Атына заты сай азамат қай ортада болмасын өзін ашық ұстап, қоғаммен араласуды құп көреді. Осыдан бес жыл бұрын «Шапағат» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қайырымдылық қорын құрып, түрлі топтағы жандарды жинап, олармен жүйелі жұмыс жасауды көздейді. Барлық құжаттарын сақадай сай етіп дайындап, өзінің тағдырластарымен жұмысты бастап та кетеді.
Дәл қазір Еркінбай Керімбайұлы өзі секілді арбаны жанына серік еткен жандардың аяқтан тұрып кетуін мықтап қолға алған. Жаттығу залын ашып, құрылғылармен қамтамасыз етіп, бір-екі адым болсын қадам басуына септігін тигізіп келеді. Өмірлік тәжірибе көп мүмкіндік берді. Республикалық жобаларға қатысып, гранттар да жеңіп алған. Атқарылған тірлік жеміс пен жеңісті қатар сыйлады. 2016 жылдың Түркістан қаласының «Ең үздік қоғамдық бірлестігі» атанды. Демеушілердің көмегімен көп жандарға көл көсір қолдау көрсетуден шаршаған емес.
Ақыл-адам көрігі, сабыр-оның серігі. Рас, Еркінбайдың бойында осы қасиет анадан қатар дарыған. Кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстап, жаны жаралы жанның жасын сүрту, әр азаматтың парызы. Ал, мұндай парызды мұрат еткен кейіпкеріміз қоғамнан өздерін алшақ ұстайтын қаншама жанның өмірлік кредосын қалыптастыруға қолғабыс жасады.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
