АРДАҚТЫ АНА, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

555 көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ғаппар Сарсенбаев канвассинг әдісі бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызымен кездесті.
Еңбек жолын қаладағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептен бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастаған Гүлсара Төлебекқызы 1992-1994 жылдары сол мектептің директорының орынбасары педагог-психологы қызметін атқарды.

Сол жылдары комсомол, кәсіподақтар комитетінің төрайымы, Облыстық кәсіподақтар кеңесінің мүшесі болды. Сонымен қатар, тәжірибелі маманның қалаға, облысқа озық тәжірибесі таратылды. Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі.
Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы әйелдер кеңесінің төрайым орынбасары қоғамдық қызметін қоса атқарып жүр. Мұнымен бірге, “Мерейлі отбасы – 2017” ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Түркістан қаласының намысын қорғап, облыс әкімінің марапатын алған отбасы бүгінде көпке үлгі.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы