Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылы қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 33%-ға жеткізуді көздейді.
Бұл туралы «Nur Otan» партияның атынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алтынбек Кенжалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бабайқорған және Ескі Иқан ауыл округтерінен 2 спорт кешенінің (мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы) құрылысына;
орталық көшелерде (Абай даңғылы, Қонаев даңғылы, Сейфуллин көшесі) street workout және street ball элементтерімен алаңдарды жабдықтауға;
қала ішінде балаларға арналған 60 аула алаңшаларын орналастыруға;
жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
ұлттық спортты дамытуға (тұрақты түрде қалалық, облыстық, республикалық әр түрлі іс-шаралар өткізу: ұлттық спорт түрлері, қазақша күрес, ауыр атлетика, тоғызқұмалақ, бокс, фудбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 33%-ға дейін ұлғаяды.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
