ХАЛЫҚ СЕНІМІ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

512 көрілім

«Nur Otan» – еліміздің жетекші партиясы бүгінде халықтық, партия сипатына ие болған өткен тарихына көз жүгіртіп, жеткен жетістіктері мен Қазақстан халқының игілігі үшін атқарған еңбектеріне есеп беріп, саяси жүйедегі рөлін және алдағы жылдарға мақсаттарын айқындап, міндеттерін саралауда. «Nur Otan» партиясының тарихын сараптасақ, партия үнемі өзінің сайлауалды бағдарламаларында қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салып, сол бағытта қоғамды жұмылдыруға ұмтылып отырды. Партия бағдарламасы мемлекеттік саясатпен, мемлекеттік маңызды стратегиялық құжаттармен, қоғамдағы өзекті мәселелермен үндес болып келді.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы құрамында қоғамның әртүрлі топтарынан құралған мүшелері бар. Жаңаша бағытта, заманауи стильде халыққа қызмет ететін, ел азаматтарын ортақ міндеттерді шешуге жұмылдыра алатын әлеуеті бар ең ірі партия, шынайы саяси күш. Партияның атқарып отырған қызметінің ауқымы кең, себебі ол «Nur Otan»-ның доминантты партия болуымен байланысты.  

«Nur Otan» партиясының қатары күннен күнге артуда. Бұл партияға деген қоғамдық сенімнің артқанының дәлелі.

“Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының қабылдау бөлімінде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрсұлтан Жүсіпбаев Үмбетұлы халықпен жүздесті.

Қоғамдық қабылдау барысында, тұрғындардан газ, үй кезегі, жалпы жылу, әлеуметтік көмек жайында сұрақтар қойылды.

Кездесу нәтижесінде түрғындардың барлық мәселесі партия назарына алынды.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы