КАНВАССИНГ

560 көрілім

Елбасы төрағалық ететін партияның ең басты мақсаты – ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайта түсуге күш салу болып табылады. Өйткені, нұрлы болашаққа жол бастаған «Nur Otan» – бүгін де халқының қамын, жұртының мұң-мұқтажын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия. Міндет адамға жауапкершілік жүктейді. Сайлаушылардың, партияның алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі тиімді жалғастыру партияның бүгінгі таңдағы негізгі борышы болып қала бермек.

“Nur Otan” партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін Түркістан қалалық мәслихат үмiткерлері Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы, Дарын Жаппарқұлов, Кенжалиев Алтынбек Тұрлыбиұлы, Шолпан Маратқызы ауған соғыс ардагерлерінің үйінде қонақта болды. Ардагерлер “Nur Otan” партиясының атқарып жүрген жұмыстары мен қызметіне оң бағасын берді.

Кездесудің басты мақсаты – қазіргі таңда даму қарқынды жүріп жатқан қалаға қандай да үлес қосу мақсатында болды. Жалпы, Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мол мүмкіндіктер пайда болғанын да назардан тыс қалдырмады. Сөз соңында, ақсақалдар ақ батасын берді.

#ХалықтықПартия
#NurOtan

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы