Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамда орны бөлек. Алдағы күндерде мақсат айқын, жауапкершілік зор. Еліміздің қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болуында
«Nur Otan» партиясының алар орны ерекше екендігіне дау жоқ. Ұдайы халықтың ортасынан табылып, ел сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы іспетті.
«Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясынан Түркістан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сүлейменова Жамила Төреханқызы және Ақиқат Абдуллаев қаладағы үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты біршама түсінік берді. Бұдан бөлек, халықтық партияның жетістіктері жайлы да қоса кетті. Тұрғындардың ойын тыңдай олардың тарапынан “Nur Otan” партиясының жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдіріп, іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын білдірді.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
