Ел егемендігін сөз еткенде Елбасының есімі қатар жүретіні сөзсіз. Әрине, ежелден ата – бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан. «Nur Otan» партиясы қаншанда елбасы саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп келеді. «Nur Otan» партиясының жаңа Саяси доктринасы қалың бұқара арасында кеңінен талқыланып, қабылданып келген болатын. Осы ретте біздің барлығымыз Қазақстанның болашағы үшін бір мүддеге жұмылып, алдағы күндерге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сол себепті біз, «нұротандықтар» әрдайым бірге болып, халықтың мүддесін бір арнаға тоғыстыруымыз керек.
Бүгін “Nur Otan” партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, мәслихат депутаттығына үміткер Мәди Аманжол Данаханұлы тұрғындарды қабылдады.
Жалпы кездесу мақсаты халыққа жақындай түсе олардың өзекті мәселелерін назарға алып қол көмек көрсету болатын.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
