«NurOtan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатына кандидаттар Сүткент ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтылды. Сонымен бірге үміткерлер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Сүткент ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Дегенмен мұндағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жақсы шешімін тапқан. Таяуда ауылға табиғи газ берілді. Жаңадан саябақ салынды. Дейтұрғанмен ауылда мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында түйіткілді мәселелерді анықтап, жазып алдық. Алдағы уақыттары сол мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етеміз. Біздің мақсатымыз – ауылды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Әлеуметтік жағдайды жақсарту.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
-халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
-демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
-2025 жылға дейін аудандағы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 27,1%-ға дейін төмендетуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 27,1%-ға, жұмыссыздық деңгейі 4%-ға, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 3,2%-ға төмендейді,-дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.
