Ел егемендігін сөз еткенде Елбасының есімі қатар жүретіні сөзсіз. Әрине, ежелден ата – бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздіктің таңы атқан тұста ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан. «Nur Otan» партиясы қаншанда елбасы саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп келеді. «Nur Otan» партиясының жаңа Саяси доктринасы қалың бұқара арасында кеңінен талқыланып, қабылданып келген болатын. Осы ретте біздің барлығымыз Қазақстанның болашағы үшін бір мүддеге жұмылып, алдағы күндерге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Сол себепті біз, «нұротандықтар» әрдайым бірге болып, халықтың мүддесін бір арнаға тоғыстыруымыз керек.
Партия Төрағасы белгілеген партиялық жауапкершілік «Nur Otan-ның» басшылығына ғана емес, оның барлық мүшелеріне зор жауапкершілік жүктеді. Партия мүшелері өздері өткізген акциялары мен іс-шаралары барысында партия көшбасшысының қамқорлығы мен қолдауын шынайы сезініп отырды. Әсіресе, ол еліміздің тарихында алғаш рет партиялық тізім бойынша өткізілген Парламент сайлауында анық байқалды. Нәтижесінде нұротандықтар Парламенттен де, мәслихаттардан да едәуір басым мандатқа ие болып, жеңіске жетті. Сайлаудағы жеңіс партияның қоғам алдындағы беделін көтерді, партия мүшелерінің қатарын көбейтуге ықпал етті. Өзіне жүктелген міндеттер мен алға қойылған мақсатты орындауға құлшына кірісті. Партия Төрағасының тапсырмалары мен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, еліміздің барлық өңірлерінде партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыруда өзге саяси партияларға үлгі болатын іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне ұйытқы болды. Кезінде қоғамдық институттар тарапынан жіберілген кемшіліктерге байланысты босаңсып кеткен жастар тәрбиесі мәселесі қайта қолға алынды. Жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын және басқа да мәселелерін шешуге, оларға қолдау-көмектер көрсетуге ерекше назар аударыла бастады. «Жас Отан» жастар қанатының құрылуы соның нақты көрінісі болып табылады. Бүгінде осы жастар ұйымы «Nur Otan-ның» сенімді ізбасары болып жүр. Осылайша, бастапқы кезде-ақ біздің партиямыз мемлекеттіліктің нығаюына, қоғамның бірігуіне және азаматтардың мүддесін қорғауға қызмет ететін саяси күш екенін дәлелдеп берді. Көпшілікті береке-бірлікке, ынтымаққа үндеп, бұл ұғымдардың көп этносты Қазақстан үшін қашан да қажеттілігіне барынша көңіл бөлді. Қазіргі таңда соның жемісін бүкіл қазақстандықтар көріп келеді.
Бүгінгі, таңда “Nur Otan” партиясының алдағы 5 жыдық сайлау алды бағдарламасын насихаттау мақсатында Түркістан қаласының мәслихаты депутаттығына кандидаттарымыз “Ертегілер әлемі” бала-бақша ұжымымен карантиндік нормаларды сақтай отыра, кездесу өткізді.
Кездесу кезінде кандидаттардың еліміздің болашақ ұрпақтарын жетілдіру мақсатында жұмыс жасап жатқан ұжыммен және балабақша жағдайымен танысып қайтты.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қорынан төленді.
