- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Шаһардағы Жеңіс саябағында облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Балдəурен» атты концерттік бағдарлама өтті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткен іс-шараның мақсаты – 2019 жыл – жастар жылы аясында дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдап, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тəрбиелеу жəне қолдау көрсету.
Құттықтау сөз алған облыстық мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ғ.Аликенқызы: – Бүгінгі балалардың халықаралық мерекесі құтты болсын. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тəрбиелеу. Оларға сапалы білім беріп, шығармашылығын дамыту турасында жұмыстар көптеп іске асуда. Соның бірі бүгінгі мерекелік кешіміз. Жақында өткен «Балдəурен-2019» жасөспірімдер арасында өткен облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздары арнайы сіздер үшін өнер көрсетеді. Бұл өнерпаздарымыз болашақта республикалық, халықаралық байқауларда оза шабуына тілектеспіз, – деген құттықтауын білдірді.
Аталмыш байқаудың жеңімпаздары мұнан өзге Франция, Эстония, Ресей елдерінде өткен халықаралық байқауларда да топ жарып, бас жүлдені иемденген.
Сонымен бірге, «Қалқанқұлақ» фильмінің басты актерлері, балапандардың сүйікті кейіпкерлері Ерсұлтан мен Нұриман да өнер көрсетіп, балалардың қуанышын еселеді.
Əуезді əн мен саз өнерінің мектебі қалыптасқан киелі мекеніміз қашан да өнерлі жастардан кем болмаған. Ал, облыстық «Балдəурен» байқауы – соның айқын айғағы. Ел арасындағы жас таланттарды тануға арналған байқау көптеген балдырғанның мерейін үстем етті.
Сондай-ақ, Түркістан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мереке күнінде қала тұрғындары үшін тегін кеңес берді. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұл игі істі ақ халаттылар түрлі мейрамдарда дəстүрді түрде өткізіп тұрады.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
«Түркістан».


