ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

1  153 көрілім

Бүгін Бекзат Саттарханов атындағы спорт-сауықтыру кешенінде әйелдер күресінен 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР спорт шебері, Түркістан қаласының құрметті азаматы Ерқанат Рахымұлы Тәңірбергеновті еске алуға арналған «Түркістан» Халықаралық турнирі басталды. Айтулы додада еліміздің барлық облыстарымен қоса Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен  келген 200 ден астам жас бұрымдылар 13 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шықты. Жалпы саны 14 команданың басын қосқан жарыстың толық нәтижесін газетіміздің алдағы санында жариялайтын боламыз.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы