- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қаламыздағы Октябрь Жарылқапов атындағы орталық стадионда «Жастар жылына» орай 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қала біріншілігі басталды. Жарысқа қаламызда теңбіл допқа ынта қойған жас жеткіншектерден құралған 8 команда қатысуда.
Біріншіліктің ашылу салтанатында сөз алған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Айдарбеков: – Футбол – миллиондар ойыны. Бүгінде осы спорт түрімен шұғылданып жүрген жастар қатары артып келеді. Сіздердің араларыңыздан қаламыздың, облысымыздың, еліміздің намысын қорғайтын мықты футболшылар шығады. Мұндай жетістікке ерінбей тер төгу арқылы жетуге болады. Жарыс жолында барлығыңызға сәттілік тілеймін,-деген ізгі ниетін білдірді.
Сонымен, Астана ССК-1, Сауран, Иассы, Қайрат, Шалқар, Отырар, Жастар, Астана-2 командалары арасындағы жарыс 3 ай бойы жалғасады. Ал, біріншілік қорытындысы спорт күні қарсаңында анықталмақ.
Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».

