ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ БАСЫЛЫМДЫ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ

646 көрілім

«Түркістан» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргеніне биыл 90 жыл толып отыр. Осынау 1930 жылдың 4 қазанында «Қызыл Түркістан» деген атпен шыққан газет замана ағымымен бір кездері «Коммунистік еңбек» деп аталса, қазір «Түркістан» атауымен қалың оқырмандардың сүйікті басылымына айналды. 90 жыл ішінде газет сан алуан тарау-тарау жолдардан өтті. Қаланың тарихын, өсіп-өркендеу кезеңдеріндегі ұлан-ғайыр істердің, жаңалықтардың жаршысы болды, ел тағдырына араласқанына көзі қарақты оқырмандарымыз жақсы таныс. Осы орайда, редакция ұжымын 90 жылдық мерейтойымен газет жанашырларының құттықтаулар легі толастар емес.
Бүгін қасиетті жұма күні Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы және «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамбердіұлы қарашаңырақ басылым «Түркістан» газетінің 90 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап келді.
«Мереке қарсаңында «Түркістан» газетінің ұжымына, барлық журналистер қауымына шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс, еліміздің өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер», – деген ізгі ниетін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы