МАСКАЛЫҚ РЕЖИМДІ САҚТАУҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

715 көрілім

Бүгінде әлемдік деңгейде үлкен алаңдаушылық тудырып отырған covid19 пандемиясына қарсы күрес жұмыстары Жетісай ауданында жан-жақты күшейтілуде. Әсіресе, тұрғындар күнделікті тұтынатын азық-түлік заттары сатылатын сауда қатарлары мен базарлардағы сақтық шаралары мықтап қолға алынып отыр. Осыған орай Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен Жетісай қаласы әкімдігінің қызметкерлері бірігіп базарлар мен тұрғындар жиі жүретін жол бойларында аудан еріктілері тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылып, тұрғындардың дене қызуларына жіті мән берулері, себепсіз көшеге шықпаулары, көпшілік орындарға аса қажеттіліксіз бармаулары, бетперделік режимді, санитарлық тазалықтарды сақтауды түсіндірді.

Мұндағы басты мақсат – әлемді әбігерге салған covid19 пандемиясының тұрғындар арасында кеңінен таралуына жол бермеу, сақтық шараларын пысықтау, базар саудагерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылатын шарада жұмысшы топ өкілдері әрбір сатушымен жеке-жеке тілдесті. Асханалар мен наубайханалардағы санитарлық тазалық нормаларының сақталуын назарға алды. Жіберілген кемшіліктерге байланысты бірқатар азаматтарға ескерту жасап, маскалық режимнің сақталуын қатаң талап етті.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы