«SAQBOL» ҚОСЫМШАСЫ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

619 көрілім

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында ұсынған «Saqbol» мобильді қосымшасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қаладағы адамдар жиі жүретін көшелер мен көп шоғырланатын банктер мен пошталық қызмет кеңселерінің алдында топтасқан тұрғындарға пандемияның зардаптары мен жұғу жолдарын, сақталуы тиіс карантиндік талаптарды түсіндіріп өтті.

Орталық мамандарының айтуынша аталмыш қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді. Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады.
«Saqbol» қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді. Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады.

Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ, Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген. «Saqbol» қосымшасын әзірлеуші «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы