КАРАНТИНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

651 көрілім

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 18.09.2020 жылы №37 Қаулысына сәйкес КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін облыс аумағында карантин мен шектеу іс-шаралары ұзартылған. Аталған қаулы талабына сәйкес бұқаралық, мерекелік іс-шараларды және той жиындарды өткізуге қатаң түрде тыйым салынады. Облыс аумағында бетперде кию режимі және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау сақталынған. Тұрғындар бетпердені үнемі киіп жүруге міндетті, әсіресе қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда және ашық ауадағы қоғамдық орындарда.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.10.2020 жылғы №57 Қаулысының 1-қосымшасында: «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын талаптар» қарастырылған. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады. Объектіге кіреберісте қызметкерлер мен келушілердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жіберумен байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады. Объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидты әсері бар ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны залалсыздандыру ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын пайдалану (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі).

Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар; 2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

Ұйымның әкімшілігі:                           

1) санитариялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) жұмыс күні ішінде қолғаптарды, маскаларды, респираторларды оларды уақытылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 4) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықта болатын жағдайларды (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып); 5) антисептиктермен жұмыс орындарын; 6) қызметкерлер арасында жеке өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер клавиатурасы (көбінесе қолмен жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүртіледі. Дезинфекциялау құралдарымен тех. персонал қауіпсіздік шараларын қолдана отырып халат, қолғап, бетперде киіп жұмыс жасайды, дезенфекция құралдары арнайы бөлмеде сақталады.

Бизнес-орталықтардың әкімшілігі жалға алушылардың, саудагерлердің жұмыс шарттарымен infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды. Кіреберістегі дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді. Күзету қызметі, әкімшілік өкілі келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) жалпы сыйымдылықтың 30%-на келушілермен объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті.

Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады.

500 шаршы метрден асатын объектілер үшін кіреберістерде санитайзерлік рамкалар (дезинфекциялық тоннельдер) орнату міндетті. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау; 2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 3) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде әрбір 50-100 метр сайын, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір үй-жайда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу; 5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 6) халыққа ауысымда кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын маска, бір рет қолданылатын қолғаппен және қолды антисептиктермен өңдеумен (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) қызмет көрсету; 7) іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақытылы шығару, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу; 8) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау; 9) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; 10) ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады.

Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып залалсыздандыру міндетті; 11) техникалық персоналдың арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі; 12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу; 13) дезинфекциялау құралдарды нұсқама сай, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізу қажет. Карантинге байланысты шығарылған Қаулылар бірінші кезекте еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында қабылданған, сондықтан өзіміз және өзімізге жақын адамдардың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамай карантин талабын қатаң сақтауды сұраймыз.

М.БАЙТҮГЕЛОВ,
Түркістан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы