Бала денсаулығының қалыптасуына көптеген қауіп-қатер факторлары әсерін тигізеді, оның ішінде маңыздысы: тамақтану кезіндегі жетіспеушіліктер (ақуыз, дәрумендер, микронутрициенттердің тапшылығы), саламатты өмір салтын қалыптастыру кезінде ата-анасы және ұстаздар тарапынан баламен түсіндіру жұмыстарын аз жүргізулері. Осы күнгі заманда оқушыға қойылатын талаптар 6- 7 жастан баланың мінез-құлық пен денсаулығы арасындағы байланысты сезінуді қарастырады. Оқушы жастағы баланы үнемі үйрету кезінде жеке бас гигиенасы, күн тәртібі және өз денсаулығына және қоршаған адамдардың денсаулығына толық жауапкершілік, СӨС нығайту және денсаулығын сақтау дағдысы қалыптасуы қажет. Баланың ағзасындағы барлық өмірлік үрдісі тамақтану режиміне байланысты. Тамақ құрамында ақуыз, май, көмірсулар, дәрумен және минералды заттар болуы тиіс. Балалардың жиі ауыратыны және физикалық дамуы жағынан артта қалуы, олардың оқу жүктемелері көптігінен көп мөлшерде ақуыз қажеттігін ескеру керек. Баланың тамақ рационында мал өнімінің ақуызы 50% кем болмауы қажет. Майдың артық мөлшері тамақтың жақсы қорытылмауына, жетіспеушілік- зат алмасуының бұзылуына әкеп соғады. Көмірсулардың көп түсуінен май жинала бастайды. Дәрумендер мен микроэлементтердің рөлі аса маңызды. Мысалы: тұз, кальций және фосфор сүйек жүйесінің бас құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, фосфор жүйке жүйесінің құрамына енеді. Мектептерді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету кезіндегі оқушылардың тамақтарын ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктер, жіті ішек аурулары, асқазан – ішек-қарын жолдары жұмысының бұзылуына әкеледі. Балалар фасфудтармен тамақтануға дағдыланған және көптеген балалар мектеп асханасы мен үйлерінде ұсынатын ыстық тамақты ішпейді.
Балаларды тамақтандыру мәселесінде ата-аналар шетте қалмау тиіс. Балаларының мектепте және үйде тамақтану жағдайларына көңіл бөлулері қажет. Балаға тамақты бір уақытта ұсыну керек. Балалар мен жасөспірімдер үнемі қозғалыста болуына байланысты, оларға үнемі сұйықтық қажет. Бала не ішетінін бақылау және газдалған сусындар кариеске (сүйектің шіруі) және кальций жетіспеушілігіне әкелетіні туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
Ең маңыздысы жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпау керек.
Л.БАПАНОВА,
Түркістан қалалық ТКҚСҚББ жетекші маман.