БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

584 көрілім

Қазақстан Республикасының ІІМ Көкшетау техникалық институтына оқуға, 16 жасқа толған мектеп бітірушілер балалар мен 25 жасқа дейінгі жұмысшы жастар қабылданады КТИ-ның іштей оқу бөліміндегі оқыған мерзім шұғыл әскери қызметтен өтуменен теңеседі және ішкі істер органдарындағы еңбек өтіліне есептеледі. Институт түлектері міндетті түрде мемлекеттік азаматтық қорғау құрылымдарына қызметке орналастырылады. Институтқа түсу емтиханын тапсыруға келген талапкерлер казармалық жағдайда болады және сарбаз тамағының мөлшеріндегі бағадағы тамақпен қамтамасыз етіледі.

МАМАНДЫҚТАР:

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі».

5В103100 «Төтенше жағдайларды қорғау».

5В103200 «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші».

Түсу емтихандары конкурс негізінде 4 пән бойынша кешенді тестілеу түрінде: математика, физика, Қазақстан тарихы және тіл (қазақ немесе орыс), пәндері бойынша өткізіледі. Тестілеуден басқа талапкерлер дене даярлығынан сынақ тапсырады.

Институтқа күндізгі оқуға азаматтарды қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде Институттың мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе АКТ сертификаты балдарымен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, бейінді пән – математика) сәйкестікке іріктеу арқылы оқуға кандидаттар контингентін қалыптастырады;

Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өткізіледі;

Үшінші кезеңде дене шынықтыру бойынша іріктеу өткізіледі (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге кросс);

Төртінші кезеңде – мандаттық комиссия курсанттар санына қабылдайды.

Институтқа оқуға азаматтарды іріктеу күндізгі оқу факультетін жасақтау бойынша тапсырысқа сәйкес ТО Төтенше жағдайлар департамент-тері, (ТО Түркістан қаласы 037 квартал 3685 құрылыс) өткізеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының пошта мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 136.

– күндізгі оқу
– сырттай оқу, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау

Кафедралар:
– жедел-тактикалық пәндер;
– өрттің алдын алу;
– азаматтық қорғаныс және әскери дайындық;
– төтенше жағдайларда қорғау;
– өрттен-құтқару және дене шынықтыру дайындығы;
– жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйелер мен технологиялар

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық.

Күндізгі оқу түрі бойынша түсу емтихандарын тапсыру кезінде үміткерлер казармалық жағдайда болады, институттағы күн тәртібін және жарғы талаптарын сақтайды.

Күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылданған тұлғалар әскери есептен шығарылып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.

Курсанттарды оқыту, киім-кешегі және тамақтануы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Одан басқа шәкіртақы төленеді: 1-2 курс 5900 теңге, 3-4 курс 10900 теңге.

Институтты бітіргеннен кейін түлектермен бес жылға келісім-шарт жасалады, оның бір тармағында қызметкердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан шыққан жағдайда ол бес жыл бойы Институтта оқыған кезде кеткен мемлекет шығындарын төлейді.

Институттың күндізгі бөлімінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, атап айтқанда – 4 жыл оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңеледі. Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда болады, төртінші курс курсанттары еркін тұрады.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының пошта мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 136.

Факс: (87162)25-14-96, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадр жұмыс бөлімі: 25-04-01, кезекші бөлімше: 25-13-36, 25-48-52. www.kti-tjm.kz

М.БАЗАРБЕК,
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы