ІНДЕТТЕН САҚ БОЛАЙЫҚ!

925 көрілім

Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.

Жұғу жолдары:Коронавирустардың көбі жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандармен байланыста болғанда, тыныс алу арқылы жұғады.

Симптомдары:Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын-алу орталығының мәлімдеуінше, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін.

Емі: Қазір жұмбақ вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек, ол жылына талай адамның өліміне себеп болатын кәдімгі тұмаудан қатерлі болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпті дерттің кең тарауына жол бермеу мақсатында коронавирусты жұқтырғандар ауруханалар мен үйлерінде оқшауланады. Ал, оның симптомдары ауруды жеңілдететін және лихорадкаға қарсы дәрілермен емделеді. Сонымен қатар, мұндай науқастарға суды көп ішіп, жазылып кеткенше тынығуға кеңес беріліп отыр.

М.СУЛЕЕВА,
Шорнақ БМСККО бас дәрігері.
Т.РАМЕТЖАН,
салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері.
Л.УАТХАН,
салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы