Қала әкімі Рашид Абатұлы Аюпов реапубликалық «Үздік педагог» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Жақсыкүл Сүлейменованы арнайы қабылдап, өзінің құттықтауын жеткізді. Естеріңізде болса, өткен аптаның аяғында жаариялаған жазбамызда реапубликалық «Үздік педагог» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов қабылдап, арнайы дипломмен қатар 850000 теңгенің сертификатын тапсырғанын жазған болатынбыз. Солардың арасында М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсыкүл Сүлейменованың да бар екендігін қуана хабарлағанбыз. Кеше өткен кездесуде Рашид Абатұлы Жақсыкүл Жүрсінбайқызына арнайы алғыс хатымен қатар гүл шоқтарын ұсынды. Сондай-ақ, өңір басшысы алдағы жылы осы байқауды қала көлемінде ұйымдастыруды қолға алып, шығармашыл үздік ұстаздарды анықтау, ынталандыру қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы бұл бағытта жоспарларымен бөлісіп, қаламызда үздік ұстаздардың көп екендігін, мұндай байқаулар оларды тағы да өз шабыттандыра түсетіндігін сөз етті.Сонымен қатар, Рашид Абатұлы өткен аптада облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Тілім – тірегім» байқауында І орынды жеңіп алған қаламыздағы «Мереке» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Шахризада Неметжановаға да жылы лебіздерін жеткізіп, жеңімпаз бүлдіршінді өзінің сый-сияпатымен қуантты.
Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөлімі.