ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕ АЛДЫ

613 көрілім

Мемлекеттік тілді бала бойына жастайынан сіңіру, ана тілімізді қолдану арқылы құрметтеуге баулу тілімізді дамыту бағытындағы маңызды шаралардың бірі. Осындай мақсатпен Түркістан облысы Мәдениет басқармасы жыл сайын балабақша бүлдіршіндері арасында «Тілім – тірегім» байқауын ұйымдастырып, балалардың мемлекеттік тілді меңгеруімен қатар олардың өнерлерін таразылап келеді.Биылғы жылы онлайн форматта ұйымдастырылған «Тілім – тірегім» байқауына облысымыздың барлық аудандарынан балабақша бүлдіршіндері қатысып, өздерінің орындаушылық шеберліктерімен, өнерлерімен көзге түсті. Солардың арасында Түркістан қаласының атынан сынға түскен қаладағы «Мереке» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Шахризада Неметжанованың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, өнері жоғары бағаланып, І орынды жеңіп алды. Жүлдегер бүлдіршінге облыстық Мәдениет басқармасы арнайы диплом мен велосипед сыйға тартты.Облыстық байқауда жүлде алған оқушыны қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы Батырбекова құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еселі еңбегі, үздік шәкірт дайындағаны үшін аталған балабақшаның тәрбиешісі Айнұр Оралқызы Сейтбековаға да бөлімнің мақтау қағазын табыс етті. Өз кезегінде жас бүлдіршінді жоғары дәрежеде дайындап, дарынын ұштай білген қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Гүлбану Жамалханқызы Ұзақ пен балабақша меңгерушісі Жанар Құралбайқызы Қожабаеваға, сондай-ақ балабақша ұжымына ризашылығын білдірді.

Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы