ҮЗДІК БАҒДАРЛАМА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

670 көрілім

Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауының нәтижесі түркістандық ұстаздарға қуаныш сыйлады. Осы байқауға қатысқан 5 ұстазымыз жүлдегерлер қатарынан табылып, орталықтың арнайы дипломдарына ие болды. Атап айтсақ, қаламыздағы №26 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зульфия Әсембаева, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ақжан Самуратова, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хусан Убайдуллаев жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, №4 С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кулзия Даханова мен Шарипа Сабиркулованың бірлескен жұмысы, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдулла Шерметов ІІІ орын иегері атанды. Ал, қалалық білім бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаева арнайы алғыс хатқа ие болды. Олардың ішінде ІІ орын иегерлері Зульфия Әсембаева мен Ақжан Самуратова байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Ал, өзбек тілі мен әдебиеті пәні тек Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ғана оқытылатынын ескерсек, Хусан Убайдуллаевтың жетістігі республикалық деңгеймен теңестірілгенін айта кеткен жөн.Жүлдегер ұстаздарды қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің әдіскерлері құттықтап, орталықтың арнайы дипломдарын табыс етті.

Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы