Елімізде бәсекеге қабілетті, жалынды жастарымыз жетерлік. Өткен жылдағы «Жастар жылы», 2020 жылы «Еріктілер жылы» болып жариялануы ел жастарына серпін бергені анық. Мұны бүгінгі қазақ жастарының қоғамға деген сүйіспеншілігі-нен аңғаруға болады. Түркістан қаласының жастары да республикамыздағы өз қатарластарына үлгі болуға лайықты. «Ерікті» деген ұғымның шын мәнінде қандай болатындығын облыс орталығының жастары дәлелдеді. «Asar» еріктілер ұйымының қала және облыс халқына сіңірген еңбегі айтарлықтай орасан. Соның ішінде волонтерлардың орны әсіресе пандемия кезінде байқалды. Арыс пен Мақтааралда орын алған жағдай кезінде де «Асарлықтар» қолдан келген көмегін аямады.
Бүгінде қаламызда 14 пен 29 жас аралығындағы 39 мыңға жуық жастар бар. Оның ішінде белсенділігімен көзге түсіп жүрген жандар қаншама. Қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қала жастарымен етене жақын жұмыс жүргізіп отыр. Жастар саясатын жандандыруды мақсат тұтқан орталықтың мамандары бекітілген жоспарға сәйкес еңбек етуде. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі уақытта жүруі, еріктілердің түрлі үнпарақтар таратуы, жастар арасында онлайн форматта тағылымдық мәнге ие байқаулар ұйымдастыру осы және өзге де бағыттар бойынша жұмыс жүргізудеміз.
Е.САРИЕВ,
қалалық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің қызметкері.
